Үй мен автокөлік сатуда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу қажет - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ірі транзакциялар жасау барысында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту қажет. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үй мен автокөлік сатуда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу қажет - Президент

«Келесі қадам ірі транзакиялар барысында төлемді тек қана қолма-қол ақша форматына көшіру болуы тиіс. Бүгінде банктің технологияның дамуы арқасында әдепті азаматтарға немесе бизнеске ақшаның аздаған саны ғана жеткілікті», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің дерегінше, жылжымайтын мүлік нарығы мен автокөліктерді сатудағы көлеңкелі экономиканың үлесі шамамен 3 трлн теңгені құрап отыр.

«Тәртіпке келтіру қажет. Үкімет пен Ұлттық банк үй мен автокөлік құралдарын бастапқы сату барысында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қамтамасыз ететін заңнамалық түзетулерді дайындауы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.