Үй роботтары қылмыскер де бола алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IOActive компаниясының ақпараттық қауіпсіздік мамандары қаскүнемдердің үй роботтарын өз иелеріне қастандық жасау үшін қолдану мүмкіндігін анықтады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Зерттеушілер осы мәселені анықтау үшін Қытайдың UBTech Robotics компаниясы шығаратын Alpha 2 роботын бұзып, кейін оны бұрауышпен қызанаққа тығып алуға мәжбүрлеген.

The Verge журналистері атап өткендей, роботтардың көлемі шағын болғандықтан, өзінен үлкендерге қауіп келтірмейді. Алайда, Alpha 2 кішкентай сәбиге немесе үй жануарына қастандық жасауға қауқары жетеді.

Мұндай осалдық Жапонияның Softband Group Corp компаниясы шығаратын NAO және Pepper роботтарынан,  Universal Robots -тың өнеркәсіптік үлгілерінен табылды

SoftBank өкілі Винсент Самуэль компанияның IOActive зерттеуінен хабардар екендігін және мамандардың тапқан мәселесін шешкенін мәлімдеді. IOActive қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бас кеңесшісі Лукас Апа бұл ақпаратты жоққа шығармады, растамады да.

«Бүгінде ақпараттық индустрия қарқынды дамып, адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Алайда біз қауіпсіз болашақ күтіп тұрғанына сенімді болуымыз керек», - деп атап өтті Лукас Апа.

Соңғы жаңалықтар