Үй шаруашылықтарының 9 пайызы өздерін төмен табысты топқа, 87,4 пайызы орташа табысты топқа жатқызған

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат -  ҚР Статистика агенттігімен ағымдағы жылдың тамыз айында   12 мың үй шаруашылықтарының субъективті бағалауы базасында Қазақстандағы халықтың тұрмыс сапасына біржолғы зерттеу жүргізілді. Сұрауға үй шаруашылықтарының басшылары қатысты.
None
None

 Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.

Статистика агенттігінің хабарламасына қарағанда, зерттеу құралы болып үй шаруашылықтарының үш табыс деңгейі бойынша мыналар анықталды:

 - табыстың төмен деңгейі (тіпті тамаққа да жетпейді; тамаққа жетеді, бірақ біз киім сатып алу, пәтер ақы төлеуде қиындық көреміз);

     - табыстың орташа деңгейі (тамаққа және киімге жетеді, бірақ біздің ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларды сатып алуға мүмкіндігіміз жоқ; тамаққа, киімге және ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларға жетеді, бірақ машина, пәтер, саяжай және тағы басқа сатып алуға мүмкіндігіміз жоқ);

     - табыстың жоғары деңгейі (барлық қажеттіні сатып алуға жеткілікті).

 Зерттеу қорытындылары бойынша үй шаруашылықтарының 9 пайызы  өздерін төмен табысты топқа жатқызды, ал респонденттердің көп бөлігі өздерін (87,4 пайыз) орташа табысты топты құрады және тек 3,6 пайыз үй шаруашылықтарының басшылары өздерінің әл-ауқаттарын жоғары деп бағалаған. Бұл ретте аталған көрсеткіштерді 2011 жылы өткізілген зерттеу қорытындыларымен салыстыра келе, агенттік үй шаруашылықтарын табыс деңгейі бойынша бөлу барысында төмен табысты топтан едәуір жоғары табысты топқа ығысуын атап өтеді.

«Үй шаруашылықтары күнкөрістерінің негізгі қаражат көздері жалдамалы жұмыстан (83,1 пайыз), зейнетақы (29,3 пайыз), жеке қосалқы шаруашылықтан алынған өнімдерді тұтынудан (26,7 пайыз) түскен табыстар болды. Алайда, олармен қатар 13-15 пайыз шеңберінде құбыла отырып, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақылар, туысқандардың, таныстардың көмегі және өз бетінше жұмыспен қамтылу байқалды. Сонымен қатар, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыс едәуір жоғары деңгейлі табысты (30,1 пайыз) үй шаруашылықтарына, ал жалдамалы жұмыстан түскен табыс орташа деңгейлі табысты (82,1-87,4 пайыз) үй шаруашылықтарына тән екендігін атап өту қажет. Табыстың жоғары деңгейі осы топтағы үй шаруашылықтарының жартысына жуығына (47,2 пайыз) жинақ ақшаларының болуына мүмкіндік береді, бұл ретте осындай жинақ ақшалары бар үй шаруашылықтарының 12,6 пайызы үшін табыстың жоқ болған жағдайында және қазіргідей өмір сүру жағдайын сақтай отырып 3 және одан да көп жыл өмір сүруге мүмкіндік береді. Алайда, егер төмен табысты үй шаруашылықтарымен салыстыратын болсақ, олардың арасында жинақ ақша жасауға тек 13,8 пайызының мүмкіндігі бар, олардың 76,9 пайызы табыс жоқ кезеңде оған бір ай ғана өмір сүре алады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек, үй шаруашылықтарының 40 пайызынан астамы өмір сүру жағдайын өздерінің бағалауы бойынша жақсы деп белгілеген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум