Үй температурасы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына кері әсерін тигізуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ерлер бөлмедегі салқын температураны құптайды. Әйелдердің пікірі бұған кереғар. Соңғы зерттеулер нәзік жандылар температураның ауытқуына ерлерге қарағанда сезімтал болып келетінін көрсетті. Олардың аяқ-қолдары 9 есе жиі суықсырайды, деп хабарлады The Daily Mail.
Адамдардың 55%-ы үйдегі температура үшін дауласады екен. Сауалға қатысқан британиялықтардың 35%-ы өз жұптарымен үйдегі ауа температурасы қандай болу керектігі жөнінде келісе алмайтынын айтқан.
Сараптама жасаған зерттеушілер ерлер мен әйелдер үшін қолайлы температура 22 С° екеніне көз жеткізді.