Үй жөндеп жатқан отбасы 1960 жылдан бері сақталған ақшалы сейф тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үй жөндеу жұмыстары кезінде пәтерден не табылмайды десеңізші. АҚШ-та бір отбасы ерекше «қазынаны» тауып алды. Асүйдің қабырғасын ойып тұрып өткен ғасырдың адамдары жасатқан сейфтегі байлық енді табылып, отбасын қуанышқа кенелтті, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Сейфтен 51 мыңнан астам доллар шықты. Сондай-ақ, оның ішінде 1960 жылы шығарылған бурбон бөтелкесі мен Фриц Шумахердің 1977 жылы басылып шыққан «Абыржығандар үшін нұсқаулық» кітабы сақталған.

Бұдан басқа, сейфте «Алан, менде сіз оқып аяқтауыңыз тиіс кітап бар. Мен үзіндінің астын сызып қойдым. Сіздің досыңыз, Винсент» деп жазылған ер адамның суреті бар екен.

Соңғы жаңалықтар