Ұялы байланыс абоненттерінің 30 пайызы әлі де болса бұрынғы қымбат тарифтерді пайдалануда - вице-министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов азаматтарға ұялы байланыс операторларының ең тиімді тарифтеріне белсендірек көшуге шақырды.
None
None

Оның айтуынша, xалықтың басым бөлігі әлі күнге дейін үш-төрт жыл бұрынғы қымбат тарифтерді өзгертуге асығар емес.

«Ұялы байланыс Қазақстанда өте төмен деңгейге жетті. Бізде қазір 1 минуттың құны 3 теңгені құрайды. Бір мың теңге болатын бір айлық жиынтықтар бар, желі ішінде тегін, өзге операторларға қоңырау шалу 100 минуттан астамы ақысыз жүреді. Интернеті де бар. Дегенмен абоненттердің 30 пайызы бұл тарифтерге көшуге асықпайды», - дейді ол.

«Олар әлі күнге дейін 2011-2012 жылғы тарифтермен отыр. Олар өте қымбат, сондықтан мен азаматтарды арзанырақ тарифтерді белсендірек пайдалануды шақырамын», - деп атап өтті вице-министр.

Соңғы жаңалықтар