Ұялы байланыс операторлары желіге өзара қосылу төлемінің алынып тасталғанын, секундтық тарификация бірлігімен жаңа тарифтердің енгізілетіндігін хабарлайды
делінген ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС , «КаР-Тел» компаниясы, «GSM Қазақстан/Ксеll» ЖШС-мен біріге отырып әзірлеген баспасөз хабарламасында.
Аталған шара ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылдың 29 желтоқсанындағы №364 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады және өткізу трафигін тіркеуді оңтайландыру мен абоненттердің ұялы байланыс қызметіне шығындарын азайтуға бағытталған.
«Нео» ұялы байланыс операторы «Сәлем», «Сәлем клубы», «Үнсіз қалма» тарифтік жоспарларына қосылу құнын алып тастап, секундық тарификация енгізді. Аталған өзгерістермен бірге сөйлесудің алғашқы минутының құны да арта түсті. Аталған өзгерістерге байланысты, енді «Үнсіз қалма» тарифтік жоспарына сәйкес, абонент барлық бағыттағы қоңыраулардың алғашқы минуты үшін 18 теңге, екінші минутынан бастап 9 теңгеден төлейтін болады. Бұл жерде айтып өткен жөн, желіаралық қосылу үшін төлем алынбайды, төлемақы тек сөйлескен нақты уақытқа ғана есептеледі.
GSM Қазақстан/Ксеll ұялы байланыс операторы 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап, желіге қосылғаны үшін төлем алынатын тарифтердің барлығын жауып, жаңа «Супер бірыңғай-2», «Команда-2» тарифтерін енгізді. Жаңа тарифтік жоспарға сәйкес, абоненттер желіге қосылғаны үшін төлемақы төлемейді және сөйлесу уақыты секундық тарификация бойынша есептеледі. Бұл Ксеll абоненттерінің желі ішіндегі және басқа операторлар желісіне қоңырау шалуларына орташа есеппен 15 пайызға үнемдеуіне мүмкіндік береді.
«Activ» ұялы байланысының «Сөйлеу еркіндігі-2», «Супер бірыңғай», «Космо қыздар» тарифін пайдаланушы абоненттері осы тарифтерге ұқсас «Сөйлесу уақыты-2» тарифіне ауыстырылды. Бұған қоса, өзге операторлардың байланыс желісіне және қалалық нөмірлерге қоңырау шалу құны 55 пайызға дейін төмендетілді.
«КаР-Тел» компаниясы да желіге өзара қосылу төлемі қарастырылған тарифтік жоспарларға қосылуды тоқтатты. («Үздік», «Дружный ноль», «Үздік Алматылық», «Үздік Астаналық», «Еркін 15», «Еркін 7», «Еркін 8», «ХОО1KZT», «Жеңіл ноль» және т.б). Осы тарифтік жоспарларды пайдаланып келген абоненттер бір айдың ішінде өзге тарифтерге ақысыз түрде ауыса алады. Басқа тарифке ауысып үлгермеген абоненттерді Компания желіге қосылу үшін төлемақы алынбайтын жаңа тарифтерге көшіреді. Жаңа тарифтік жоспарларға сәйкес, абоненттер сөйлескендері үшін төлемақыны 50 пайызға дейін үнемдейтін болады.