Ұялы байланыс операторларымен бір келісімге келеміз деп сенемін - В.Божко

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта біз төтенше жағдайлар туралы халықты алдын ала хабарландыру бойынша ұялы байланыс операторларымен келісеміз деп сенемін.

Ұялы байланыс операторларымен бір келісімге келеміз деп сенемін - В.Божко

Бүгін журналистерге сұхбат берген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай айтты.

«Қазіргі кезде операторлардың біреуі бізден әрбір смс-хабарлама бойынша 5 теңгеден сұраса, екіншісі барлық ақпаратты үш күн бұрын беріп тұруды талап етіп отыр. Ал кейбіреулер хабарламаның көлеміне қарай тиісті ақыны төлеу қажеттігін алға тартады. Ұялы байланыс операторларымен бір келісімге келеміз деп сенеміз», - деді В.Божко.