Ұялы байланыс операторы 3G желілерінде деректерді секундына 7,2 мегабит жылдамдықпен беруге мүмкіндік жасауда

АЛМАТЫ. 2 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда GSM Қазақстан ұялы байланыс операторы сатылымға үшінші буындағы байланыс желілерінде (3G) деректерді секундына 7,2 мегабит жылдамдықпен беретін жаңа жоғары жылдамдықты USB-модемнің енгізілетінін жариялады.

Ұялы байланыс операторы 3G желілерінде деректерді секундына 7,2 мегабит жылдамдықпен беруге мүмкіндік жасауда

Олалдыңғы үлгілерге қарағанда деректерді екі есе жоғары мобильді интернет үшін бұрын-соңды болмаған жылдамдықты қамтамасыз етеді.

«Үшінші буындағы 3G желісін құрғалы әлі бір жыл да өткен жоқ. Біз абоненттерімізді кең жолақты мобильді интернетті пайдалануға арналған бірқатар тарифтермен, қызметтермен және өнімдермен қуантып үлгердік. Мысалы құны трафиктің 1 мегабайты үшін 35 ретке дейін төмендетілген «Мобильді интернет плюс», қалған трафик көлемін ойламауға мүмкіндік беретін «Лимитсіз интернет», Opera Mini мен Nokia арқылы «Шектеусіз браузинг», Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілеріне тегін қолжеткізім сияқты тағы басқа да тарифтік опцияларын енгіздік», - дейді GSM Қазақстан/Kcell Бас атқарушы директоры Вейсел Арал.