Ұялы байланыс операторы ғаламторға тиімді бағамен жоғары жылдамдықта шығуды ұсынады
АЛМАТЫ. 18 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Beeline сауда белгісімен жұмыс жасайтын «КаР-Тел» ЖШС сым желілі ғаламторы бар абоненттерге арнап жаңа «Базалық лимитсіз» тарифтік жоспарын ұсынатынын хабарлады.
Ол FTTB технологиясы бойынша «Үйдегі ғаламтор» қызметін айына бар болғаны 970 теңгеден пайдалануға мүмкіндік береді. Оның жылдамдығы ішкі қорларға 5 Мбит/секундқа дейін, ал сыртқы қорларға 100 Мбит/секундқа дейін трафикке шектеусіз.
«Бұл ұсынысымыз біріншіден, әр түрлі жаңалықтар мен ақпараттық, әлеуметтік желілер мен форумдарға бағытталған. Өзінің қолжетімділігіне орай, бұл қызмет жоғары жылдамдықты ғаламторды қалың көпшіліктің пайдалануына барлық жағдайды қарастырған», - дейді 2DAYTelecom Бас директоры Виктор Грибан. Оның айтуынша, жаңа тарифтік жоспарға қосылу акция іспетті және жаңа абоненттер оған 10 қазаннан 31 желтоқсанға дейін тегін қосыла алады.