Ұялы байланыс операторы GPRS/EDGE/3G технологиясын қолдауда

АЛМАТЫ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС-і USB-модемдері мен интернет желісіне кіруге арналған тарифтік жоспарын бір топтамада сататынын жариялады,

Ұялы байланыс операторы  GPRS/EDGE/3G технологиясын қолдауда

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Beeline USB-модемдері 3G технологиясын (HSDPA/UMTS) қолдайды.  Бұл қондырғылар  елімізде «үшінші ұрпақ байланысы» іске қосылған кезде де  интернет желісіне жоғарғы жылдамдықпен кіруге мүмкіндік бермек. Beeline 3G желілерін дамыту бойынша өз тәжірибесін тиісті жиіліктерді пайдалануға лицензиялар мен рұқсаттамаларды беру мәселесі шешімін тапқаннан кейін Қазақстанда да қолдануға әзір. Beeline USB-модемдері - интернет желісіне төменгі  трафиктің 1 Мб-на шаққанда 5 тенгеден басталатын бағамен кірудің оңтайлы құралы»,  дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің маркетингтік  директоры Айнұр Әбжанова. 

Оның айтуынша,   пайдаланушылардың қолайлығы үшін USSD-бұйрықтары арқылы жасалатын тегерім мен трафиктің мөлшерін тексеру, қызметтерді қосу/алып тастау қызметтері, төлем карталары арқылы шот толықтыру, «Менің шотымды толықтыр» қызметі көмегімен шот толықтыру сұранымын жіберу модемнің бағдарламалық қамтамасыз ету интерфейсінде жүзеге асырылған. Осындай операцияларды жасау үшін sim-картаны модемнен телефонға ауыстырудың қажеті жоқ, барлық іс-әрекеттерді ноутбук немесе компьютерден  жасауға болады.