Ұялы байланыс операторы қазақша-орысша сөздіктің икемді нұсқасына тегін кіруге қол жеткізді
АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Beeline брендімен жұмыс жасайтын «КаР-Тел» ЖШС орысша және қазақша http://sozdik.kz/pda онлайн-сөздігінің икемді нұқасын іске қосқандығын жариялады.
Ол қалта компьютерлеріне, смартфондар мен ұялы телефондарда қол жетімді болды. Beeline абоненттеріне сөздікке кіру тегін.
«Қазақстандықтардың басым көпшілігінің мемлекеттік тілге деген құрметінің артуының арқасында жыл өткен сайын онлайн-сөздікке сұранысы артып келеді. Біз қазақша-орысша онлайн-сөздігінің қазақстандықтарға ғана емес, қонақтар мен қазақ тілін үйренемін деген өзге де азаматтарға таптырмас көмекші болатынына сеніміз мол», - дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің қоғаммен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Юрий Дорохов.
Бұған дейін олар ағымдағы жылы «Мемлекеттік тілді дамыту және қолдау» корпоративті бағдарламасын іске қосқан еді. Сөздіктің икемді нұсқасын енгізу - аталмыш жобаның бір бөлігі саналады. Жалпы қазақша-орысша және орысша-қазақша онлайн сөздігі (sozdik.kz) 2000 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда оның сөздік қоры 60 мыңнан асып отыр. Осы уақытқа дейін 3 мыңнан астамы қазақ тілінде оқылған.