Ұялы байланыс операторы мобильді интернет бағасын арзандатты

АЛМАТЫ.  Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін   Алматыда «КаР-Тел» ЖШС-і «Клик» тарифтік жоспары бойынша 1 Гб (1024 Мб) мөлшердегі Клик-топтамаларды сатуды бастағаны туралы баспасөз мәлімдемесін таратты,

Ұялы байланыс операторы мобильді интернет бағасын арзандатты

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«USB-модемдерінің пайдаланушылары мобильді интернет-трафикті белсенді түрде қолданады. Сол себепті төмен бағалы трафиктің үлкен көлемдегі топтамалық ұсынысының енгізілуі орынды шешім деп ойлаймын. Абоненттің пайдаланылмаған трафик жойылады деп алаңдамауына болады, себебі кез-келген мөлшердегі топтаманы қосу арқылы пайдаланылмаған трафик келесі айға ауысады», дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің маркетинг бойынша директоры Айнұр Әбжанова. Оның айтуынша, жаңа топтамада  1Мб трафиктің бағасы 2,29 теңгеге дейін төмендетілген. Оған   *222*1# бұйрығы және қосу пернесін басу арқылы қосылуға болады. Компания қазіргі таңда ұялы байланыстың GSM 900/1800 стандартында  өз абоненттеріне фиксациялық телефон, Интернетке жоғары жылдамдықты қосылу және FTTB өткізу технологиясы бойынша мәліметтерді беру  қызметін көрсетеді.