Ұялы байланыс операторы «Желіні бірге жасаймыз» аталатын акциясының қорытындысын шығарды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Beeline сауда белгісіндегі «Кар-Тел» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жүргізілген «Желіні бірге жасаймыз» sms-акциясының қорытындысын шығарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл шара кезінде «Beeline» өз абоненттерінен байланыс қызметін жақсартуды талап ететін орындар туралы 925 нөмірі арқылы sms-хабарламаларды қабылдаған болатын. Онда орталыққа желтоқсанның 31-іне дейін 1800-ден астама хабарлама келіп, оның 797-сі қалалық филиалдың қызметкерлері тарапынан өңделіп, техникалық дирекцияға тапсырылды. Бұл акция кезінде Алматы облысының Талғар (128 хабарлама), Қарасай (99 хабарлама) және Алматы қаласының Түркісіб (95 хабарлама) аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік көрсетті. Техникалық қызметкерлер бұл шағымдар бойынша 22 рет жолға шықты. Соның нәтижесінде олар Құлагер, Ақбұлақ, Қалқаман-2 ықшамаудандарында, Алғабас, Көксай кенттері мен Чапаев, Ұзынағаш ауылдарында және тағы басқа жерлерде түрлі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Компанияның Алматы қаласындағы кеңсесінің директоры Мағауия Өмірбековтің айтуынша, байланыс қызметінің сапасын көтеруге бағытталған мұндай іс-шаралар биыл да жалғастырылмақ.
Соңғы жаңалықтар