Ұялы байланыс операторын өзгерту кезінде іркілістер болуы мүмкін – министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бір ұялы байланыс операторынан екіншісіне ауысқысы келетін абоненттерге қызмет көрсетуде іркілістер болуы мүмкіндігін ескертті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ведомствоға сілтеме жасап.

Ұялы байланыс операторын өзгерту кезінде іркілістер болуы мүмкін – министрлік

«ҚР АКМ операторы «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК болып табылатын Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған базасының серверлік жабдықтарын ретке келтіру жұмыстарына байланысты, ағымдағы жылдың 6-9 сәуірі аралығында абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желілері ішінде ауыстыру (MNP) қызметтерінде іркілістер болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Фото: odepressii.ru