Ұялы телефон арқылы адам ағзасындағы жасырын бактериялық инфекцияны анықтауға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның қолданып жүрген смартфоны арқылы оның ағзасында қандай бактериялардың тіршілік етіп жүргенін анықтауға болады екен. Бактериялардың 80 пайызы телефон экранында қалатын микроағзалардан таралады, деп жазады BBC.
Нақ осы телефон тәрізді жеке заттара арқылы бактериялардың таралуын бақылауға болады. Ғалымдардың есебіне сәйкес, адам қалта телефонын күніне орта есеппен 150 рет қолына алады. Адам денесінен табылған және телефон экранынан анықталған ағзалар арасында сәйкестік бар, дейді Орегона университетінің қызметкерлері. Олар 17 адамның сұқ саусағы мен бас бармағынан анықталған микробтардың ДНК-сын саралаған. Сондай-ақ зерттеуге қатысушылардың телефондарының беткі бөлігінен жұғынды алынған. Барлығы 51 үлгіден ғалымдар 7000 түрлі бактерияларды тапқан. Саусақтар мен телефондағы бактериялардың орта есеппен 22 пайызы сәйкес келген. Яғни телефон иесінің қолынан анықталған кеңінен таралған бактериялардың шамамен 82 пайызы оның телефонынан да табылған. Олардың қатарында Streptococcus, Staphylococcus және Corynebacterium текті бактериялар болған.