Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұялы телефонды пайдаланатындар саны 6 миллиардқа жақындады

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Статистикалықң мәліметтерге қарағанда, әлемдегі ұялы байланысты пайдалану үшін рәсімделген шарттар саны жер бетіндегі адамдар санына жақындап келеді.

Ұялы телефонды  пайдаланатындар саны 6 миллиардқа жақындады

Осылайша, 2000 жылы бір миллиардтан аз  абонент саны алты миллиардқа дейін өсіп кетті. Сондай-ақ олардың бес миллиарды дамушы елдердің еншісінде.

 Ал соңғы жылдары бір емес, бірнеше ұялы байланыс нөмірін пайдалану қалыпқа айналды. Сөйтіп, дүниежүзілік ұялы байланысқа қосылу саны ғаламшар халқының санынан асып кететін түрі бар, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.