Ұялы телефонды пайдаланғанда қатерлі ісіктің пайда болуы түсіндірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық физик Бернард Фельдман ұялы телефон сәулесінен туындаған егеуқұйрықтағы қатерлі ісіктің туындау себебін тапқан секілді, деп хабарлайды Лента.ру.
Фельдманның айтуынша, егер егеуқұйрықтарға мобильді сәуленің зиян екені туралы сарапшылар тұжырымы рас болса, тәжірибе мынадай түсініктеме бере алады. Егеуқұйрықтың бас миы және жүрек айналасындағы нейрондар тұйық электр тізбегін құрады және Фарадей заңына сәйкес жиілігі 900 мегагерц радиосәуле сондай жиілігі бар электр тогын тудырады.
Өз кезегінде электр тогы ұлпалардың жергілікті жылынуына және канцерогенді радикалдар теңгерімінің өзгеруіне әкеп соғады. Осы арқылы қатерлі ісік ауларының даму ықтималдығы артады.
Мамыр айында АҚШ Ұлттық денсаулық институтының ғалымдары ұялы телефон сәулесінің егеуқұйрықтарға зиян екенін хабарлады. Ғалымдардың зерттеуі әріптестердің әртүрлі пікірлерін тудырды. Бұған дейін Сидней университетінің мамандары ұялы телефонды пайдаланудың қатерлі ісікке еш әсер етпейтінін дәлелдеген еді.