Ұялы телефонды түнде пайдалану зиянды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер ұялы телефонды түнде пайдалану зиянды деп есептейді. Мысалы, 26 жасар қытайлық көз торының қабаттануынан соқыр болып қала жаздаған.
None
None

Ол өз сүйіктісімен жеті күн бойы түнде үздіксіз хабарлама жазысқан. Дәрігерлерге шұғыл түрде ота жасауға тура келді, дейді The Daily Mail.

Егер жылдам шара қолданылмағанда, ер адам зағип болып қалар еді. Көз торы - сәуле сезгіш элемент, ол көз тамыры арқылы миға белгі жібереді. Көз торының қабаттанғанын көз алдында күтпеген жарқыл немесе дақтар пайда болғаннан білуге болады. Әсіресе, бұл 50-70 жас аралығындағы адамдарда болады. Алайда бұл техниканы белсенді пайдаланатын жастардың да көз торының қабаттануы мүмкін.

Мобильді телефондардың экраны көзге салмақ түсіреді. Оның жарығының ашықтығынан тыс екі өлшемді бейненің маңызы зор. Адамның көзі үш өлшемді нысандарды айыра алады, ал бұл жерде оған бейімделу қажет.

Егер көз торы қабаттанбаса да, алыстан көру қабілетін төмендететіні анық. Focus Clinics клиникасының негізін қалаушы Дэвид Алламбидің айтуынша, 1997 жылдан, яғни смартфон пайда бола бастаған кезден бастап алыстан көрмейтіндер 35 пайызға ұлғайған. Таяуда бұл көрсеткіш 50 пайызға ұлғаюы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар