Ұялы телефонға арналған әмбебап зарядтаушы құрылғының стандарты бекітілді

НЬЮ-ЙОРК-ПАРИЖ. Қазанның 23-і.  ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -     Электр  байланысының  халықаралық одағы     ұялы  телефондарға арналған  әмбебап   зарядтаушы  құрылғының   стандартын белгіледі,

Ұялы  телефонға арналған  әмбебап  зарядтаушы  құрылғының      стандарты бекітілді

деп   хабарлайды БҰҰ-ның Жаңалықтар орталығы.

 Бұл шара  әрбір  телефон   үшін  жеке  зарядтаушы  құрылғы алудың  қажеттілігін    жояды.   Оған  қоса,   стандарт  энергия  үнемдеуші   жоба:  ол      парник газдарының    қалдықтарын және шығарылуын  қысқартуға  мүмкіндік береді.

 Электр байланысының   халықаралық   одағының негізі  1865  жылы Парижде   Халықаралық телеграф  одағы   ретінде     қаланған.   1945   жылы       Біріккен  Ұлттар Ұйымының   құрамына кірді.   Аталмыш ұйымның  қызмет аясына электр  байланысы  құралдарын  дамытуға   және оларды  өнімді  пайдалануға     қолдау көрсету,     дамушы елдерге электр  байланысы  саласы  бойынша   техникалық көмек көрсету     кіреді.