Үйде жалғыз қалған үш жасар қыз терезеден құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Самарада төртінші қабаттан құлаған үш жасар қыз ауруханаға жеткізілді. Бала үйде жалғыз қалған, деп хабарлады ІІМ облыстық басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға қаланың Куйбышев ауданында орын алды. Полицияның ақпаратына сүйенсек, баланың әкесі түнгі ауысымдағы жұмыста бөгеліп қалған, ал анасы үйде ұйықтап жатқан қызды жалғыз қалдырып жұмысына кеткен. Алдын ала нұсқа бойынша москитті торға сүйенген қыз терезеден құлап кеткен. Бүлдіршін ауруханада жатыр.
Дәрігерлер іштің жабық жарақаты мен денесінің көгергенін, терісі сыдырылғанын. Баланың анасына кәмелетке толмаған бүлдіршінді күту және тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды.