«Үйдегі интернеттің» жылдамдығы артты

АЛМАТЫ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат -   «КаР-Тел» мен «2Day Telecom» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері «Үйдегі интернет» қызметінің қолданыстағы 5 тариф жоспарының жылдамдығын ұлғайтты.

«Үйдегі интернеттің» жылдамдығы артты

«Биылғы жылы компания саясатында мобильді және сымды интернеттің тарифтік тақтасын жақсартқан айтарлықтай өзгерістер болды.  Сымды интернеттің қолданыстағы тарифтік тақтасын жаңартқан соң, біз сыртқы ресуртарға шығатын жылдамдықты 70 Мбит/с-қа жеткізіп, Қазақстандағы ең жоғарғы болып саналатын жаңа рекордты орнаттық», - дейді «2Day Telecom» ЖШС-ның бас директоры Грибан Виктор.

Оның айтуынша, енді «Үйдегі интернет» қызметінің абоненттері сымды интернетті төмендегідей жылдамдықта пайдаланатын болады: бастапқы лимитсіз - жаңа жылдамдық 20 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 12 Мбит/с); танымал лимитсіз - жаңа жылдамдық 40 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 20 Мбит/с); классикалық лимитсіз - жаңа жылдамдық 60 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 30 Мбит/с); түнгі лимитсіз - жаңа жылдамдық 60 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 40 Мбит/с); SUPERVIP - жаңа жылдамдық 70 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 50 Мбит/с).