Үйді жөндеймін деп үйіндінің астында қалды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Эштон-андар-Лайн қаласында танымал викториан ақыны Фрэнсис Томпсонның бұрынғы үйі жергілікті жұмысшының «сиқырынан» кейін, ойламаған жерден топырақ үйіндісінің астында қалды.

Үйді жөндеймін деп үйіндінің астында қалды - ВИДЕО

Бәрі жергілікті тұрғындардың биліктегілерге көне екіқабатты құрылысқа байланысты шағымынан басталған. Ол үйден ара-тұра сынықтар құлап тұрса керек. Мәселені анықтау үшін ғимаратқа техникамен инженерлер жасағы жіберілген, деп жазады The Daily Mail. Олардың біреуі көтергіш кран арқылы үйдің төбесіне дейін шығып, жоғарыдан оның ойынша, ең жарамсыз деген кірпіштерді ала бастаған. Алайда ер адамның өз ісімен әуестеніп кеткені соншалық, ол бөренені тартып қалып, барлық мәселені ойламаған жерден шешті: ғимарат опырылып құлады.

Ғимаратты бұзып жатқанын қауіпсіз қашықтықтан бірнеше адам бақылап тұрған. Олардың біреуінің сөзіне қарағанда, жұмысшылар қабырғаны бұзғысы келмеген, бар болғаны олар қауіпті фрагменттерді алып тастамақ болған. Бірақ бір кірпішті дұрыс тартпаса керек. Аталған оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Ағылшын ақыны Фрэнсис Томпсон бұл ғимаратта 1864-1885 жылдары тұрған екен.