Ұйғыр ауданындағы «Люкс» демалыс орнында ірі өрт болды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ұйғыр ауданында орналасқан «Люкс» демалыс аймағында төтенше жағдай орын алды.
None
None

Демалыс аймағының бір қабатты ғимаратында 6 желтоқсан күні сағат 17.30-да асхана мен бассейннің шатыры өртене бастады. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт толығымен сағат 21.10-да сөндірілді. Оны ауыздықтауға Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 300 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт кезінде демалушылар болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар