16:27, 21 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Ұйғыр халқының ұлттық тағамы әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң өлкесі Черчен ауданының жергілікті тұрғындары «Күмеш нан» деп аталатын ұйғыр халқының ұлттық тағамын жасап, әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Қытайлық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Күмеш нанның рекордтар кітабына кіруіне себеп оның ұлкендігінде болып отыр. Оның диаметрі 3,65 метр, 300 келі ұн, 200 келі қой еті және 60 келі пияз қолданған. Аспаздар тағамды дайындауға 4 сағат уақытвн сарп еткен.
Күмеш нан бізге мәлім ұйғырдың самса және ет нанынан жасалу жағынан ерекшеленеді. Ұйғыр жастары оны ұлттық «пицца» деп есептейді.
Ағаш отыннан жағылған оттың жалыны сөнгеннен кейін, ұнға ет және пиязды орап дөңгелек пішінде дайындалған қамырды ыстық күлге көмеді. Бір сағаттың айналасында дайын болған нанды күлінен тазалап жеуге болады.