Үйін босатуға қарсылық білдірген Шымкент тұрғыны өзіне ыстық суды құйып жіберді
Шымкентте сот орындаушылар баспаналардың үлестірілу заңдылығын тексеру мақсатында «Достық» шағынауданында рейдтер өткізуде.
Анықталғандай, қазіргі уақытта «Достықта» 48 пәтер жалға беріледі. Олардың бірін А. Тілеукенов жалдап отыр. Сот орындаушылардың айтуынша, ер адамға бұл жерден баспана берілген, бірақ ол тұрып жатқан жерін босатудан бас тартып отыр. Бастапқыда ол үстіне қайнаған суды құйып, кейін қарнын жарып жіберетіндігін айтып қорқытқан. А. Тілеукеновты сабырға дәрігерлер келтірді. Ер адам заңсыз алған баспанасынан кететіні туралы қолхат жазды.
Кезекте - «Достық» шағынауданындағы тағы бір отбасын шығару тұр. Тағы 15 адамның істері соттың қарауында.
Естеріңізге сала кетейік, бұл шағынауданның құрылысы Шымкентте 2006 жылы басталған болатын. Биліктің жоспары бойынша, бұл баспаналар тұрмысы нашар тұрғындарға арналған.