Үйінде қолдан есірткі жасаған 41 жастағы көкшетаулық ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Үйінде есірткі заттарын қолдан әзірлеп келген Көкшетау қаласының 41 жастағы тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша күдікті азық-түлік дүкенінен тағам әзірлегенде қолданылатын көкнәр (мак) сатып алып, одан үйінде есірткі затын дайындап келген.

«Көкшетау қалалық ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің қызметкерлері күдіктінің үйінен ірі көлемде, яғни, мөлшері  3 литр 275 грамм 4 шөлмек «апиын қоспасы» ерітіндісін тәркіледі. Оған қоса медициналық (ине) шприц және есірткі затын жасайтын қолдан жасалған құралдарды тапты. Күдікті әйелі және кәмелеттік жасқа толмаған үш баласымен бірге тұрған», деп түсіндірді полицейлер.

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар