Үйінде темекі тартқан оралдық ажал құшты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тұрғын үй жанып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үйінде темекі тартқан оралдық ажал құшты

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға сенбі күні сағат 06.57-де Зачаган кентінде болды.

Кенттегі 3-я линейная көшесі, 11 мекенжайында тұрғын үй отқа оранды. 100 шаршы метрді қамтыған өрт орнынан жанып кеткен 1963 жылғы азаматтың мүрдесі табылды.

Жалын 07.42-де оқшауланып, 07.56-да сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт темекі тарту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болған.