Үйінің жанындағы қарасораны жұлған ШҚО тұрғыны қоғамдық жұмысқа тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында үйінің жанында өсіп тұрған қарасораны жұлған ер адам 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үйінің жанындағы қарасораны жұлған ШҚО тұрғыны қоғамдық жұмысқа тартылды

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданының тұрғыны үйінің маңында өскен жабайы қарасораны жұлып алған. Содан кейін оны кептіріп, қорапқа салып үйінің шатырында заңсыз сақтаған.

Аудандық сот 38 жастағы ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп тапты.

«Сот үкімімен айыпталушы 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Қазір ол пробация қызметінде тіркеуде тұр. Енді ер адам бір ай бойы ауылдарды абаттандырумен айналысатын ұйымдардың бірінде жұмыс істейді», - деді Ұлан аудандық пробация қызметінің бастығы Жанболат Кеңесханов.