Ұйқының қанбауы қауіпті аурулардың асқынуына әкеп соғуы мүмкін
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Ұйқының қанбауы қауіпті аурулардың қаупін арттыра түсетіндігін америкалық ғалымдар анықтады. Мұндай шешімге олар 2 мыңға жуық жасөспірімдерді зерттеу кезінде келген, деп хабарлады Газета.Ru.
Жекелей алғанда, ұйқының қанбауынан және уақытымен ұйықтау режимінің бұзылуынан суық тию, грипп және гастроэенртит ауруларының пайда болуы мен дамуына әкеліп соғады.
Сонымен бірге, ұйқының қанбауынан адам жүрек қан-тамырлары аурулары, холестерин мөлшерінің артуы, семіздік және депрессияға ұшырауы мүмкін.