Ұйқысыз жұмыс жасай беру - түрлі ауруларға бастайтын «жол» - Денсаулық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам ұйқысы қанбай жүре берсе, ол түрлі аураларға себеп болуы мүмкін. Адамдар кейде ұйқысын демалыс күндері қандырып алғысы келгенімен де өз уақытындағы ұйқының орны толмайды, деп жазады Росбалт.

Ұйқысыз жұмыс жасай беру - түрлі ауруларға бастайтын «жол» - Денсаулық

Аталған мәселе әсіресе, соңғы он жылда өзекті болып отыр. Адамдар жұмыс режімінен дұрыс тыныға алмай келеді. Көп адам кеш жатып, ерте тұрады. Орта есеппен алғанда, күнделікті қажет ұйқының 40 минутын жоғалтады. Және одан оның зардабын да тартып келеді. Мысалы, артық салмақ жинаудың да бір себебі осында жатыр. Сондықтан да сарапшылар күн сайын кешкі онда адамның басы жастыққа тиюуі керек деп есептейді. Ал аптасына екі күн міндетті түрде 12 сағатқа дейін ұйықтап, тыныққан әбден дұрыс болады.