Ұйқысыздық көз жанарының нашарлауына әкелуі мүмкін
ВАШИНГТОН. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Майо университетінің офтальмологтары, ұйқының бұзылуы көз ауруына себеп болатындығын анықтап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Ұйқысыздық салдарынан, ең алдымен, көз ауырып, бұлдырайды. Егер, бұл белгілер созылмалы дертке айналса, адам глаукома сияқты ауруға ұшырауы мүмкін, дейді ғалымдар. Мамандардың пікірінше, егер адамның ұйқысы қанбай жүрсе, оның салдары ишемиялық оптикалық невропатияға әкелуі мүмкін. Көз нерві зақымданып, адам кенеттен көрмей қалады.