Ұйқысыздық ұзаққа созылмауы керек - Ғылыми зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аризона Университеті ғалымдары ұйқысыздық ұзақ жылдарға созылса, өте зиян деген тұжырым жасап отыр. Адам мезгілінде дұрыс ұйықтай алмаса және ол бірнеше жылға созылса, қант диабеті, артық салмақ, обыр, ақыл кемістігі және күйзеліс секілді ауруларды асқыныдырып жібереді, деп жазады медициналық The Daily Mail.

Ұйқысыздық ұзаққа созылмауы керек - Ғылыми зерттеу

Ұйқысыздық - бұл ұйқының бұзылуы. Созылмалы ұйқысыздық үш айға дейін созылады. АҚШ ғалымдары 1973 жылы бастап, 40 жылға жалғасқан зерттеу жұмыстарының мәліметтерін ұсынды. Олар ұйқысыздық ауруы адамның жанын күйзелтіп, түбі өлімге апарады өйткені, ұйықтай алмайтын адамда қанның қабынуы пайда болады деген тұжырымға келді.

Ұйқысыздықтан зардап шеккен зерттеу жұмысына қатысушылар жүрек-қан тамыр және тыныс алу органдары ауруларынан қаза тапқан.