Ұйқысыздықтан арылу үшін не жеу қажет? - Ғалымдар кеңесі
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Егер адам ұйықтай алмай мазасы кетсе, оның ағзасында магний жетіспеуі мүмкін, деп жазады Live Science. Бұл элемент ұйқы режимін реттейді. Сондықтан ұйқысыздық - магний жетіспеушілігі белгілерінің бірі, ол сондай-ақ депрессияға және психикалық ауруларға әкеп соғуы мүмкін. Магний жапырақты көкөністерде, асқабақ дәнінде, күнжітте, бразилия жаңғағында, жасымықта, балықта болады.
Адам бір түнде бірнеше рет оянатын болса, ағзасындағы калий деңгейін тексергені жөн. Ол бананда (шамамен күндізгі нормадан 10%), бұршақты жапырақты көкөністерде, піскен картопта және авокадода көп болады.