Үйленгеніне 1-4 жыл болған ерлі-зайыптылар жиі ажырасады — статистика

АСТАНА. KAZINFORM — Былтыр АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 120,8 мың некені тіркеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9% аз. 

ажырасқан неке
Фото: Pexels

Қалалық жерлерде 80 мың неке (66,2%), ауылдық жерлерде 40,8 мың неке (33,8%) тіркелді.

Некелесудің жалпы коэффициенті — 6,07 (1000 адамға шаққанда)

Өңірлер арасында Астана қаласының тұрғындары көп некелескен, 1000 адамға шаққандағы кэффициент — 7,46.

Отбасын құрғандардың ішінде бірінші рет некеге тұрған ерлердің үлесі — 78,2%, әйелдерде — 79,4%.

Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер үшін 27,8 жас, әйелдер үшін 25,2 жас болды.

Тіркелген некелердің 82,3% — моноэтникалық.

2022 жылмен салыстырғанда ажырасу саны 9,6% азайып, 40,2 мыңды құрады. 

Қалалық жерлерде 29,4 мың ажырасу (73,1%), ауылдық жерлерде 10,8 мың ажырасу (26,9%) тіркелген.

Ажырасудың жалпы коэффициенті — 2,02 (1000 адамға шаққанда). 

Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да — 1000 адамға шаққандағы коэффициент 3,14.

Неке ұзақтығы бойынша ажырасудың ең көп үлесі, яғни 34,9% 1-4 жыл отасқандар арасында тіркелген.