Үйлену тойы кезінде қабырға құлап, 20-дан астам адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның батысында үйлену тойы өтіп жатқан сәтте келген қонақтардың үстіне ғимараттың қабырғасы құлап, 20-дан астам адам ажал құшты, деп хабарлайды жергілікті полиция.
None
None

Франс пресс агенттігінің дерегі бойынша, кем дегенде 24 адам мерт болған, олардың ішінде балалар да бар. Тағы 26 адам түрлі деңгейде жарақат алды, бірнешеуінің жағдайы мүшкіл.

Оқиға орнында құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.

Жергілікті полиция өкілдерінің айтуынша, Раджастан штатында той болып жатқан кезде шаңды дауыл тұрып, қонақтар бастырма астына паналаған.

Алапат дауыл салдарынан оның төрт метрлік қабырғасы опырылып, қонақтар қирандылардың астында қалып қойды. 

Соңғы жаңалықтар