Үйлену тойын зиратта жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас жұбайлар үйлену тойын зиратта жасады, деп жазады Шын.кз.

Үйлену тойын зиратта жасады

Олардың некесі Небраска штатына қарасты Forest Lawn атты қабірстандағы 101 жылдық тарихы бар шіркеуде өткен.

Бұл шіркеуде өлгендердің жаназасы шығарылып, сол арадан өртеу үшін крематорийге жіберіледі.

Қырғыз бойжеткен некесінің зиратта қиылғанына қыңқ етпепті. Ата-бабаларымыз рухқа сенеді, сондықтан қабірде неке қиғызуға еш қысылмадым дейді. Ал америкалық күйеу жігіттің ата-бабаларының кейбірінің мүрдесі осында жатыр екен. Ол өзінің неке қию рәсіміне тірілермен бірге мыңдаған өліктер де куә болады деп шаттанып жүр екен.

Жаңыл Жұмадинова мен Оливер Бонэм-Картердің бұл неке қию рәсіміне Қырғызстаннан қалыңдықтың туыстары ат арылтып келіпті.

Forest Lamp қабірстанының аумағы 141 гектар, онда 100 мыңнан астам адам жерленген.