Үйлену тойынан соң жас жұбайлар мінген тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатында тұратын Уилл Байлер мен Бэйли Акерман-Байлер үйлену тойынан кейін бір сағаттан соң қаза тапты, деп хабарлайды bbc.com.

Үйлену тойынан соң жас жұбайлар мінген тікұшақ  апатқа ұшырады

Олар мінген тікұшақ Сан-Антонионың батыс жағында 135 шақырым қашықтықтағы  Ювалде қалашығы маңында  апатқа ұшыраған.

Ұлттық көлік қауіпсіздігі басқармасының  тергеушісі Крэйг Хэтчтің айтуынша, тікұшақ әуеге көтерілген соң небәрі 5-10 минуттың ішінде құлаған.

Апаттың себебі әзірге белгісіз.

Тергеушілерге оқыс оқиға болған жерден адамдардың мәйіттерін және қираған тікұшақ қалдықтарын шығару қиындық тудырып отыр. Өйткені тікұшақ төбенің беткейінде жолдан 6-7 шақырым қашықтықта жатыр.