Үйлестіру кеңесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды

АНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңды жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті,

Үйлестіру кеңесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен отырыс барысында Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстары бейнебайланыс арқылы тыңдалып, осы өңірлерде қалыптасқан мәселелі жағдайлар талқыланды. Г.Әбдіхалықова хабарлағандай, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында мүгедектерді қолдау бағытындағы оңтайландыру жұмыстары 40 пайызға ғана орындалған. Өңірде мүгедек санатындағы адамдарды жұмысқа орналастыру және оларды қажетті техникамен қамтамасыз ету жұмыстары баяу жүргізіліп келеді. «Сондықтан бүгінде осы мәселеге ерекше көңіл бөліп, мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау туралы заңнама аясындағы барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет», - деді Г.Әбдіхалықова.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық жергілікті және орталық билік органдарына мүгедектерді әлеуметтік қорғау жұмысын жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар жіберу жоспарланып отыр.