Үйін су басқан тұрғындардың шығыны қалай өтеледі – министр жауабы

министр
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Су басқан өңірлерде тұрғын үй алудың механизмдері әзірленді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті.

«Су тасқыны апатынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін жедел шешудің механизмдері әзірленді. Нақтырақ айтсақ, әкімдіктермен бірлесіп дайын пәтерлер сатып алу, зардап шеккен азаматтардың бекітілген жобаға сәйкес өз қалауымен баспана таңдауы және әкімдіктермен жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың шығындарын өтеу», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында. 

Министрдің айтуынша, баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетіледі. 

«Бүгінде әкімдіктермен жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары басталды, ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталуда. Бұл жұмыстар басқада өңірлерде де жалғасады», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар