Үйсіз-күйсіз жүрген адам газет сатудан түскен ақшаға баспана сатып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үй-күйсіз жүрген американдық газет сатудан тапқан табысына баспана сатып алды. Бұл туралы People журналына сілтеме жасап Лента.ру хабарлады.
Марио Мартинес әрбір он цент ақшасын үнемдеп, көшеде газет сатудан бес жылдан кейін Теннесси штатындағы Шарлотт қаласынан 1,2 гектар учаскесі бар 762 шаршыметрлік үй сатып алды. Ол кең таралған басылымды үй-күйсіз сатушыларға арналған жеңілдіктермен сатып жүрген болатын.
Мартинес бұдан алты жыл бұрын жұмысынан айырылып, салқын және суы жоқ трейлерде өзінің төрт итімен бірге өмір сүрді. Ол газет сатудан түскен ақшасын әуелі шағын іске - бақша учаскелерін күтуге салды. Одан кейін оған тұрғын үй сатып алуға ақша жинаудың сәті түсті.