Ұйықтауға көмектесетін екі тамақ өнімінің аты аталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пенсильвания университетінің докторы Майкл Грандер ұйқысыздыққа қарсы көмектесетін екі азық-түлік өнімінің атын атады.
4500 ересек адамның тамақтануы мен ұйқысын бақылаған дәрігер денсаулыққа пайдалы ұйқы үшін кешкі аста Бразилия жаңғағы мен бір стақан сүт ішу керектігін айтқан.
Бұл өнімдер ағзаны ұйқыға қажетті гормондарды бөлуге қажетті селен, калий және кальций элементтерімен толықтырады, деп хабарлады Kedem.
Дәрігердің айтуына қарағанда, тамақтану рационына осы өнімдерді жүйелі түрде қосу ұйқысыздық пен ұйқының бұзылуына байланысты басқа да жағдайларда дәрі-дәрмекке қарағанда анағұрлым тиімді.
Ірімшік пен сары май да сүт өнімдері болғанмен, зерттеу олардың ұйқыға кері әсер ететінін көрсеткен, деп жазады rosbalt.ru.