Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Санкт-Петербор қаласында қолға түсті - ІІМ

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қостанай облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ресейлік жедел уәкілдермен бірлесе отырып, адам өлтіргені үшін 2008 жылдан бері іздеуде жүрген 31 жастағы ұйымдасқан

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Санкт-Петербор қаласында қолға түсті - ІІМ

қылмыстық топтың мүшесін Санкт-Петербор қаласында қолға түсірді.  Бұл туралы бүгін ІІМ-де өткен брифинг барысында ведомство Баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Баспасөз хатшысының айтуынша, 2007 жылы маусымда қылмыскер алдын ала келіскен бір топ адаммен Қостанай облысы Алтынсарин ауданының аумағында «Екатеринбург-Алматы» тас жолының бойындағы 588 шақырымында орналасқан жанар-жағар май құю станциясына шабуыл жасайды. Стансаның операторын өлтіріп, 2 миллион теңгеге жуық ақшаны, сондай-ақ ұялы байланыстың 250 төлем карточкасын  ұрлап кеткен.

«Ұсталған қылмыскер қазіргі уақытта Санкт-Петербор қаласындағы уақытша ұстау изоляторында. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде», - дейді Н. Ораз.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысының ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласында жедел-іздестіру барысында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеу жарияланған 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Күдікті 2010 жылғы қыркүйекте түнгі сағат 2-де Рысқұлов ауданындағы Құлан сапаржайында алматылық фирма директоры орынбасарының басқаруындағы  «Инфинити FХ-35» автомашинасына қарақшылық шабуыл жасаған. Көлік иесін ұрып-соққан қаскүнемдер бағалы заттар мен ақшаны жымқырып, оқиға орнынан жасырынып кеткен. «Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп, сыбайластарын іздестіру шаралары жалғасуда», - дейді Н. Ораз.