Ұйымдастырушылар Универсиаданың басты құпиясын ашты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Универсиаданың ашылу салтанатында тек қазақстандық әртістер, орындаушылар, бишілер өнер көрсетеді. Біздің басты құпияларымыздың бірін ашып отырмын», деді 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы директоры Наиль Нуров. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Ұйымдастырушылар Универсиаданың басты құпиясын ашты

«Универсиаданың ашылу салтанатында тек қазақстандық әртістер, орындаушылар, бишілер өнер көрсетеді. Бұл да біздің үлкен жетістігіміз, құпиямыздың бірі - осы. Сонымен қатар, ашылу салтанатын қою, өңдеу, декорациясын жасауда тек қазақстандық компаниялар ғана қатысып отыр. Біз осылай жасай алатынымызды айта кету керек», деді Наиль Нуров.

Өз сөзінде Универсиада дирекциясының директоры ашылу салтанатына қатысқысы келетіндердің көп екенін, алайда орын бәріне жетпейтінін айтты.

«Алматы аренаға» 12 000 адам сыйғанымен, көп орын декорациялық көрнекі құралдарына бөлінді. Біз қонақжай халық ретінде әрине, бірінші қонақтарға орын беруіміз керек. Сондықтан, салтанатты ашылу шарасына қатысуға мүмкіндік болмай жатқандардан арнайы кешірім сұраймыз», - деді Н.Нуров.