Ұйытқыма желдің салдарынан Бішкектің орталық алаңындағы мерекелік безендіру бүлінді
БІШКЕК. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Күшті желдің салдарынан Бішкек қаласының «Ала-Тоо» орталық алаңында орнатылған мерекелік 24 панно бүлінді, деп хабарлайды меншікті тілшіміз.
Бішкек қалалық әкімшілігінің жарнама департаменті алдағы Наурыз мерекесін атап өту үшін орнатылған 24 мерекелік билборд жарамсыз болып қалғанын хабарлайды. Бүлінген панноларды қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 247 111 сом қажет (шашамен бес мың АҚШ доллары).
Қырғызстан астанасында көктемгі Наурыз мерекесі үшін мерекелік безендірулерді дайындауға және орнатуға қалалық бюджеттен 1 093 637 сом бөлінген болатын, соның ішінде «Ала-Тоо» алаңын безендіруге 750 974 сом жұмсалды.