UZ-да бір тәулікте 15 мыңнан астам домен тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір тіркелуші арқылы бір күннің ішінде UZ аумағында 15 мыңнан астам домен тіркелді, деп хабарлайды gazeta.uz.

UZ-да бір тәулікте 15 мыңнан астам домен тіркелді

Аумақ әкімшісінің статистикалық дерегі бойынша, домендер SUVAN NET компаниясы арқылы тіркелген және бұған дейін домендердің жыл сайын өсуі 5000-нан аспаған.

Мұндай домендердің көп тіркелуі SUVAN NET-тің бірінші орынға шығуына ықпал еткен.  Өткен аймен салыстырғанда оның үлесі бірден 12,5%-дан 38,3%-ға өскен.

Үш әріпті домендердің жалпы саны 17,6 мың немесе 34%-ды құрайды.

Айта кетейік, UZ доменінде киберсквоттинг пен греббинг доменіне тыйым салынған.