«Ұзабаев рұқсат берді»: Алматы полициясы қызметтік тексеруді бастады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігінсіз көлік айлап келе жатқан кәмелетке толмаған баланың видеосы тарады.

Көлік жүргізген
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада жасөсіпірім әпкесінің көлігіне отырғанын жеткізді. Кейін ол көлік айдауға Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев рұқсат берген айтты. 

Қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік мамандандырылған айыптұрағына қойылды», — деп түсіндірді Алматы қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.