Ұзақ мерзімге сақталатын сұйық сүт өнімдерін тұтыну арта түспек

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «Тетра Пак» компаниясының болжамына сәйкес 2012 жылға дейін сұйық сүт өнімдерін пайдалану артып, бір жылдық толық көрсеткіші  2,2 пайызға дейін жетеді. Бұл жайында Швейцарияның  «Тетра Пак» компаниясының  Президенті Деннис Йонссон кеше өткен интерактивті конференция барысында мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тікелей желіде өткен мәжілісті әлемнің 70-тен астам елінің «Тетра Пак» компанияларының басшылары мен қызметкерлері қарап, өз тараптарынан сұрақтар қойып жатты.

Шара барысында бүгінгі күнгі «Тетра Пак» сүт өнімдерінің нарықтағы көрсеткіштері, әлемдік сүт өнімін шығару өнеркәсібінің жаңалықтары, сандары мен үрдістері көрсетілді. Сонымен қатар ұзақ мерзімге сақталатын сүт пен басқа да сұйық сүт өнімдерін пайдаланудың артуы жайлы болжам жасалды. Бұл көрсеткіш дамыған нарықтарда 2008 бен 2009 жылдар арасында  0,6  пайызды құраған.

«Дағдарыс өндірістің көптеген салаларына әсер еткенімен,  сүт пен сұйық сүт өнімдерін пайдалануға көп әсер ете алмады», дейді Д.Йонссон. Оның айтуынша, сүт пайдалы да, құнарлы және салыстырмалы түрде арзан өнім болып табылады. Сондықтан оны халықтың 44% күнделікті ішіп тұрады.  «Осы  саладағы тұтынушы сұранысы біршама арзан өнімдерге қарай ауысқанына қарамастан жалпы нарық тұрақты болып қалуда», дейді ол.

Сондай-ақ ол 2009 жылдың аяғында әлем бойынша сұйық сүт өнімдерін пайдалану  шамамен  263 млрд. литрге жетеді деп болжауда, ал 2008 жылы  бұл көрсеткіш 259 млрд. литрді құраған.

Соңғы жаңалықтар