Ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашқан адамға 10 млн доллар сыйақы берілмек
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та Genomics X Prize деп аталатын арнайы жүлде тағайындалды. Бұл жүлде бойынша қартаюдың құпиясын ашып, ұзақ өмір сүру мүмкіндігін тапқан адамға 10 миллион доллар берілмек.
Жүлдеден адам генетикасын зерттеу бойынша танымал болған Джонатан Ротберг бастаған генетиктер тобы дәмелі болып отыр, деп хабарлайды «Русская служба ВВС» .
Байқау 2013 жылдың қыркүйек айында басталады.
Айта кетер жайт, ауқымды сыйлыққа үміті барлар 2013 жылдың мамыр айына дейін тіркелуі қажет.