Ұзақ отырып, жұмыс жасау адам өмірін қысқартады - ғылыми зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Королин Институтының мамандары қызметінде ұзақ отырып жұмыс жасау адам өміріне ең қауіпті екенін анықтады, деп жазады Росбалт.

Ұзақ отырып, жұмыс жасау адам өмірін қысқартады - ғылыми зерттеу

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адамның өмір жасы қысқа болуына оның қаншалықты ұзақ уақыт отырып, қызмет етуі байланысты. Адам неғұрлым көп отырса, соғұрлым «теломері» қысқа болады. «Теломер» арқылы адам жасының ұзақтығын анықтауға болады, өйткені ол адам ағзасындағы клеткалардың тозғанын, хромосомалардағы негативті өзгерістерді көрсетеді.

Зерттеуге қатысқан адамдар, күнделікті әдетін өзгертіп, спортпен шұғылдана бастағанда олардың «денеөлшемі» өзегіріп, ағзасында құбылыс пайда болған. Ғалымдар осы зерттеу нәтижесінен кейін, офистерде отырғаннан гөрі, түрегеп тұрып қызмет әткен әлдеқайда пайдалы екенін айтады.